Ояншы сен!
Ояншы сен!

                                                                        Ояншы сен!

Жүрегімнің толқының мен ашайыншы

Жан даусымның ащы сырын төгіп салып,

Өзімше бір жеңілдеп қалайыншы.

 

''Біз'' дегенді қашанда ұмытсақ та, 

''Мен'' дегенді ұмытпаспыз калай дағы.

 

Бұл шабытым қайдан келген екен,сірә,

Не болса да жанға тәтті болғанына

Шат көңілім қуанып тұр алай дағы.

 

Ау,қазағым,не болды саған енді

Жаңалықтың түбін тестің дүркіретіп.

Әр көргенде шошып кетем бұған дағы

Басқалары күледы елжіретіп.

 

Ау,қазағым,ояншы деп бес алаш та,

депутатта, президентте бәрі айтты,

Бұл сөздерге елемей көзді жұмдың

Батыс жаққа еліктеп кеттің дағы.

 

Бесік көрген,баласына әл берген,

Ұлтшыл қазақ әр нәрсеге мән берген

Ар-ұятын сақтап қалып тар заманда,

Желтоқсанда көк жалауын желбір төккен.

 

Қанша қазақ ерлері мен аналары,

Ақ жаулықты әжелері, ақ сақалды қария да,

Жерін сүйіп, елін сүйіп,

Бізге дейін сақтап келді оқ жүректі қазақ қанды.

Сол қазақтар Отаным деп, жанұям деп қайда кетті бәрі дағы.

 

Құрып кеткір интернеттің инстаграмы,

Жас баланы басқа әлемге алып кеткен ойындары

Қанша лайк басса саған түпкір жерден,

Шын көңілмен болмайды ғой оның бәрі.

 

Алламыз бір, жаратты бізді сынақ үшін,

''Оқы'' деп Құран берді мұсылманға

Әйел мен еркекті қос жұп қылып жаратты ғой,

Кім білген, қазақ осыны да ұмытқан ба?!

 

Күлеміз біз қол ұстасқан екі қызға,екі еркекке

Деддомдағы баланы асырағысы келеді ғой олар дағы?!

Өскен кезде кімді ана, кімді әке дегеніне,

Жүрегі жарылғаннан ол баланың болашағы не болады?!

 

Ау,қазағым,қайта айта, қайта айта беремін мен,

Ояншы сен! Ояншы сен! Ояншы сен!

Бір қазақтың жүрегін елжіретпей,

Мың қазақтың жүрегін елжіреттің.

 

Ойландың ба болашақты, ақыретті,

Қорықтың ба Алла деген құдіреттен,

Төсегінің жылуын ойлай бермей,

Ояншы сен! Ояншы сен! Ояншы сен!

                                                                       (Шырын)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шырын НурмановаШырын Нурманова
9 жыл бұрын 2925
0 пікір
Блог туралы